Біздің жеке өсімдік шаруашылығы цехымыз және егіндігіміз бар, сондықтан біздің сиырлар жыл бойы дәмді, пайдалы, толыққанды және үйлестірілген азықпен қоректенеді.
Сүттің сапасы күтімді ұйымдастыру деңгейіне тікелей байланысты! Біздің қоңыр сиырлар климаттық жағдайлары жайлы жайларда өмір сүреді – арнайы матрастарда демалады, автоматты суару құрылғыларынан таза су ішеді, душ қабылдауды және арнайы механикалық тарауыштардың астында қасынуды жақсы көреді.
Мамандандырылған машиналарда сүтті терең тазарту және өңдеу технологиясы өнімнің бұзылуына алып келетін микроағзаларды жояды. Солайша біз дайын өнімнің жоғары сапасын және консерванттарды қоспай оның сақталуын қамтамасыз етеміз.
Зауытта өнімді жабық зарарсыздандырылған жүйеге автоматтандырылған ағызу жұмыс істейді. Қоршаған ортамен жанасуға және персоналдың араласуына жол берілмейді.
Өндіріс үдерісі Кеден Одағының техникалық регламенттерінің талаптарымен, сондай-ақ ISO 9001:2000, 22000:2009 және HASP талаптарына сәйкес шығарылатын сүт өнімінің сапа және қауіпсіздік менедженті жүйесімен бақыланады.
Минут сайын 9 заманауи қаптау желілерінде 1 000-ға жуық бірлік өнім өндіріледі.
«Салқындату тізбегінің» сақталуы сиырды сауу үдерісінен кейін бірден басталып, өнім дүкеннің сөресіне жеткізілгенге дейін жалғасады. Өткізу департаментінің мамандары дүкендерге тек балғын сүт өнімінің жеткізілуін мұқият қадағалайды.
Жүктеу