Сүт зауыты

Бейне көру

«Adal Сүт» ЖШС сүт зауыты өнім өндірісінің барлық кезеңдерін бақылауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған процессингтік және қаптама жабдығымен жарақталған.

Сүт өнімдерін өндіру үдерісі сүт құю желісіне түскенге дейінгі көп уақыт бұрын басталады. Сиырды сауып, салқындатқаннан кейін сүт фермадан зауытқа жеткізіледі. Тек зертхананың мақұлдауын алған шикізат қана өңдеуге жіберіледі.

Жанаспаушылық және заманауи технологиялық үдерістердің қолданылуы сапасы жоғары өнімдерді өндіруге және консерванттарды қоспай, олардың жарамдылық мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Өндірістің қорытынды кезеңі – өнімнің мұздатқыш камерада салқындатылуы және пісіп жетілуі. Өнім тиісті температуралық жағдайларда сақталады, ал «салқындату тізбегінің» сақталуы сиырды сауу үдерісінен кейін бірден басталып, өнім дүкеннің сөресіне жеткізілгенге дейін жалғасады.

Өткізу қоймасына түсірер алдында өнімді арнайы комиссия дегустациялайды, бұл комиссияның әрбір маманы шығарылатын өнімнің сапасы үшін жеке өзі жауап береді.

Осылайша біздің өнім сертификаттар мен регламенттердің талаптарына сәйкес сапа мен қауіпсіздіктің қатал көп сатылы бақылауынан өткізіледі. Ал растаманы жеке және шеткі аккредиттелген зертханалар береді.


Фото галереясы

Жүктеу