Дистрибуция


Дайын сүт қалайша дүкен сөрелеріне жеткізіледі, Сіз сүтті әдетте қайда сатып аласыз? Неліктен ол әрқашан жаңа сауылғандай болады? 

Біз шеттегі дистрибьюторларға көмек үшін жүгінбейміз! Біздің компанияда өзінің Өткізу департаменті бар, оған мамандар, техникалар және арнайы қойма жайларымен жабдықталған, қаланың төменгі бөлігінде орналасқан база кіреді.  

Департамент командасына кәсіби менеджерлер, супервайзерлер, сауда өкілдері, мерчендайзерлер, қоймалық шаруашылықтың мамандары және экспедитор-жүргізушілер кіреді. Мамандар қосымша дайын өнімнің дәмін татады, тасымалдау жағдайларын, өнімнің салмағын тексереді, қаптаманы көзбен шолып қарайды және өнімді сауда нүктелеріне түсіреді.  

Департаменттің өз автопаркі тоңазытқыш жабдығымен жабдықталған 38 жүк автомобильдерінен тұрады. Сол себепті біз өнімді Алматының сауда нүктелеріне максималды қысқа мерзімде жеткіземіз, ал салқындату тізбегі бұрынғысынша үзілмейді. Сонымен қатар өнімді сүт зауытынан қойма базасына жеткізуді іске асыратын, жүк көтергіштігі 10 тонна техникасының 5 бірлігі бар. 

Біз сүт өнімдерін көтерме сатушыларымен өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашықпыз.

Ықтимал ынтымақтастық жөнінде мына телефон бойынша хабарласыңыз: Сату бөлімінің тел.: +7 ( 727) 321 84 84, 250 50 41


Фото галереясы

Жүктеу