«Адал» АӨК» АҚ шаруашылығы табиғаты таза ауданда – Іле Алатауының етегінде, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының «Космос» ауылында орналасқан.
Біздің ең басты артықшылықтарымыздың бірі – жеке егістіктерде өсірілген құнарлы және үйлестірілген азық.
Әдетте бір жылда біз 2 700 тонна пішен, 6 180 тонна пішендеме, 4 500 тонна сүрлем, 4 000 тонна қоспа жем және 14 000 тонна жоңышқа дайындаймыз. Сонымен қатар біз 10 000 тоннадан астам жүгері, бидай, арпа, соя жинаймыз. Нәтижесінде қара және құнарландырылған азықтың және үйлестірілген нәруыз-дәруменді-минералды қоспалардың оңтайлы үйлесімімен жоғары сапалы толық рационды жемқоспаны аламыз. Сиырлар оларды құлшыныспен жейді және дәмді сүтімен қуантады.
100 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы – тракторлар, комбайндер, сепкіштер және басқа азық дайындайтын техника егістікті өңдеуге көмектеседі.
Біз ірі қара малдың 3 500 басын ұстауға есептелген, Қазақстандағы ең ірі мегафермалардың бірін құрдық.
Біз сиырларды импорттамаймыз, біз әлемдік деңгейдегі үздік бұқалардың ұрығын пайдаланып, жетекші генетик-мамандармен бірлесіп жоғары деңгейдегі селекциялық-тұқымдық жұмысты жүргіземіз. Солайша біз өз сиырларымыздың, атап айтқанда алатау (швицкий) және қара шұбар (голштин) тұқымдарының генетикалық әлеуетін жақсартамыз.
Фермада малдарды жақсы ұстау үшін барлық жағдай жасалған:
Селекциялық жұмысты, заманауи сиыр қораларымен жабдықталған ферманы, жоғары технологиялық сауу жабдығын, табынды автоматтандырылған басқаратын озық жүйелердің енгізілуін және қызметкерлердің өз ісіне деген махаббатын біздің сиырлар бағалайды. Сондықтан олар дәмді әрі пайдалы сүт береді!
Жүктеу