Компанияның құрылымы

Сүт өнімдерінің сапасы қандай факторларға байланысты, Сіз қалайша ойлайсыз? Шынында осындай факторлар көп, олардың негізгілері –сиырларды үйлесімді тамақтандыру, оларды ұстау жағдайларының ерекшеліктерін сақтау және шикізатты өңдеудің жоғары технологиялылығы болып табылады. Біз осы факторларды ескеріп қана қоймай, сонымен қатар технологиялық сапалы көрсеткіштердің жақсаруы үшін тұрақты жұмыс жасаймыз.

ADAL компаниясының Тобы тұрақты тұрған үш негіз: 

-        Ауыл Шаруашылығы Департаменті:

                        Егіншілік шаруашылығы – біздің сиырлар үшін азықты дайындауға және экспортқа жүгеріні өсіруге қажетті Алматы облысында орналасқан  5000 гектардан астам суармалы жер.

                        Мал шаруашылығы – жануарлар саны 2 500-нан асатын, күнделікті 20 тоннаға дейін сүт өндірісі жөнге салынған сүтті-етті бағыттағы 2 ферма.

-        Күнделікті өнімділігі 150 тоннадан асатын сүт зауыты табиғи сүт өнімдерінің 56 түрін жасап шығарады.

-        Өткізу және Дистрибуция Департаменті біздің жаңа дайындалған сүт өнімдерін Алматы қаласы мен облыстардағы сауда нүктелеріне өткізеді.

Әрбір бөлімше туралы толығырақ біліңіз:

Жүктеу