Кеңсеге қандай сүтті таңдаған жөн Кеңсе үшін қандай сүтті таңдаған жөн және ол жұмыс күні ішінде қызметкерлерге қажет пе екендігін анықтауға көмектесетін кеңестерді ұсынамыз. Сүт өнімдері күнделікті рационда маңызды рөлді ойнайды. Қызметкерлерінің денсаулығына немқұрайлы қарамайтын компаниялар өз саясатына дұрыс тамақтану жөніндегі тармақты енгізеді. Кофесіз кеңсе - кеңсе ме? Ал сүтсіз кофе бола ма? Сондықтан кеңселік тоңазытқыштарда сүт тұрақты өнім болып табылады. Сарапшылардың бір бөлігі сүт ересек ағзаға теріс әсер ететінін айтады. Сүт қантының құрамы үлкен дау тудырады. Ал кейбір тұтынушылар патогенді гормондар мен антибиотиктерден сақтанады. Сонымен қандай сүт кеңселік сүт атағына лайықты және жұмыс барысында қызметкерлер оған мұқтаж ба? Сүттің пайдасы туралы Шын мәнінде, сүт әрқашан жастық әмбебабы деп саналды. Әзірге сүт ең болмағанда бір ересек адамға зиян келтірді деген бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Бұдан бөлек, сүт кеңсе қызметкеріне беймезгіл тап болуы мүмкін аштық сезімін оңай қандырады. Көптеген тәжірибелер сүттің асқазанға оң әсер ететіндігін көрсетті. Ол микрофлораны қалпына келтіреді, бұған кальций сияқты заттар септігін тигізеді. Оның барлық қажетті үлесі бір стақанда бар. Қызықтысы, сүттің майлылығы фигураға әсер етпейді. Сондықтан рационда сүт өнімдерінің азаюы диетаға септігін тигізбейді етпейді. Заманауи технологиялар сүттің пайдалы болуына әсер етпей, оның тіршілігін ұзартып үйренді. Сондықтан оны көтерме сатып алу оңай. Сүттің түрлерін мұқият зерттейміз:
1. Қаймағы алынбаған сүт - құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырамаған сүт. Онда, әдетте, майдың мөлшері сиырлардың маусымдылығы, климаты, рационына байланысты өзгереді. Мұндай сүтті ересек адам қиындау сіңіреді. Дүкен сүтінің жағдайы жеңілдірек – ол майлылығы мен ақуызы бойынша қажетті өңдеуден және нормалаудан өткізіліп қойылған. Тұрақты пайдалану үшін ең оңтайлы майлылық 1,5-3,2 %. Өзіңізді қажетті майлардан айыра отырып, сіз кальций мен басқа да маңызды витаминдерді сіңірмейтіндігіңізді ұмытпаңыз. Егер сіз кеңседе сүт ішкіңіз келсе, онда бұл үшін пастерленген және ультрапастерленген сүт қолайлы. Әрқайсысына бөлек тоқтайық.
2. Пастерленген сүт - арнайы температуралық өңдеуден өткен, бірақ пайдалы қасиеттерін сақтаған сүт. Оның алгоритмі қарапайым: пастерлеу температурасына байланысты 63-тен 95 гр-ға дейінгі температураға дейін қыздыру (температура төмен болған сайын, сақталуы ұзағырақ болады). Бұл сақтау мерзімін арттыруға мүмкіндік береді (кейде 10 күнге дейін). Ал ауру тудыратын бактериялар туралы сөз қозғау орынсыз, оған қоса сүттің құрамында витаминдері қалады. Пастерленген сүт кеңселер үшін өте жарасымды деген тұжырымға келеміз. Бірақ өнімді тез тауысып, сіз оны қайтадан үлкен топтамамен сатып алуға дайын болсаңыз ғана.
3. Ультрапастерленген сүттің қалғандарынан ерекшелігі - оның жоғарырақ температурада (137 градус) "қайнатылатындығында". Бұл жағдайда жоғары температуралы әсер өте қысқа: шамамен 3 секунд. Бұл сүттің қоректік сапасын сақтай отырып, жарамдылық мерзімін екі аптадан бірнеше айға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Егер қаптама ашылмаған болса. Ультрапастерленген өнім кеңселердің көпшілігіне қолайлы деуге болады. Кеңселік сүт қандай болуы керек деген сұрақтарға ADAL сүт зауытының директоры Мұхаметжанова Гүлшат жауап берді.
Сатуға түсер алдында сүт қалай тексерілуі керек?
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сапалы сүт өнімдерін өндіру үшін сиырлардың қандай азықпен қоректенуінен, олардың азық үстелі пайдалы дәрумендер мен минералдар кешенінің шамасы бойынша қаншалықты теңдестірілгенінен, олар қандай жағдайда тіршілік ететіндігінен, мал дәрігерлері ауруға қаншалықты тез жауап беретіндігінен, сүт сауу мен сүтті тасымалдау қандай жағдайда жүзеге асырылатындығынан, сүт өнімдерін өндіру кезінде компания қандай технологияларды пайдаланатынынан бастап барлық үдерісті бақылау қажет. Өкінішке орай, Қазақстанда әрбір сүт компаниясы мұндай мүмкіндіктерге ие емес, сондықтан өндірістің барлық кезеңдерінде бақылауды қолдану, жем-шөпті өздері дайындайтын, сүт фермалары бар және біздің ADAL компаниямыз сияқты сапалы сүт өнімдерін өндіретін компаниялардың айырықша ерекшелігі болып табылады.
Көптеген халықтар сүтсіз-ақ та жақсы өмір сүреді. Неге Қазақстанда сүт таптырмайтын өнім болып саналады?
Сүт және сүт өнімдері - бұл адамға сау және қуатты болуы үшін, сондай-ақ өзін түрлі дәмді тағамдармен қуанту үшін қажет өнімдер. Бұл ретте Қазақстан әлі де сүт өнімдерін тұтыну мәдениетін дамыту кезеңінде тұр. Мысалы, Қазақстанда жан басына шаққандағы сүт және сүт өнімдерін тұтыну деңгейі бірнеше есе төмен, сондай-ақ сүт өнімдерінің сұрыпталымы да аз.Байқағаныңыздай, Қазақстандағы сүт және сүт өнімдері нарығын дамыту әлеуеті айтарлықтай.
Дегенмен, өзіңіз кеңсе қызметкерлеріне сүттің қай түрін таңдауға кеңес бересіз?
Тетрапак асептик қаптамасындағы ADAL "Біздің Фермалардың Өнімдері" ультрапастерленген сүтін пайдалану әмбебап шешім болады деп ойлаймыз, себебі бұл көп сатылы бақылау жүйесінен өткен және ультрапастерлеу технологиясы бойынша өндірілген табиғи сүт. Бұл сүт пайдалы, дәмді және сақтауға ыңғайлы.
https://www.nur.kz/1761402-kakoe-moloko-vybrat-v-ofis.html
Жүктеу